Алматы полициясы Қазақстандағы алғашқы порно-студияны анықтады (фото)
Опубликовано:
Алматылық полицейлер Қазақстандағы алғашқы порно-студияны анықтады деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
![Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі](https://cdn.nur.kz/images/1120/1a5e45fa5e3ed20b.jpeg)
Медеу ауданында орналасқан екі элиталық жалға алынған пәтерде порнографиялық материалдар дайындалып, таратылған.
Оқиға орнында виртуалды интимдік қызмет көрсететін екі қыз бен Қырғызстаннан келген программист ұсталған.
![Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі](https://cdn.nur.kz/images/1120/7461577719b1878b.jpeg)
Одан бөлек, тінту барысында процессорлар мен тематикалық атрибуттар табылған.
"Техникалық қамтамасыз етуден бастап үш ауысымды кестеде жұмыс істейтін қыздар, студиялардың жұмысы жүйеге келтірілген. Бұл жұмыстың жалғыз ерекшелігі - интимді қызметтер виртуалды түрде жүзеге асырылған.
Қыздар өздерінің денелерін ғаламтордың көмегімен веб-камера арқылы АҚШ және Еуропадағы шетелдік сайттарға ақша үшін шығарған.
Клиенттер мұндай "көңіл көтеру" үшін елімізде болмаса да ақшаны сервер арқылы төлеп отырған "Веб-модельдерді" таңдау модельді келбеттегі қыздарды жоғарғы жалақымен жұмысқа қабылдау туралы жарнама арқылы жүзеге асады.
Алайда, уәде етілген мың доллар жоғары жалақыны ешкім алған жоқ", - деді ПД басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Данияр Меңдібаев.
![Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі](https://cdn.nur.kz/images/1120/e66c415b7dc559ce.jpeg)
Аталған дерек бойынша Алматы қаласы ПД ҚР ҚК 311-бабы (Порнографиялық материалдар немесе заттарды заңсыз тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын тіркеген.
![Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі](https://cdn.nur.kz/images/1120/73702fe575457fcf.jpeg)
Барлық ұсталған адамдар жауапқа тартылады және жауапкершілік деңгейіне қарай қылмыстық заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады.
![Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі](https://cdn.nur.kz/images/1120/4a648e6a8cdebff1.jpeg)
![Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі](https://cdn.nur.kz/images/1120/6b2c718f97def061.jpeg)
![Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі](https://cdn.nur.kz/images/1120/97c183e394a4c9ab.jpeg)
![Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі](https://cdn.nur.kz/images/1120/ed63c49bc53c7122.jpeg)
![Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі](https://cdn.nur.kz/images/1120/cddaf4621f7b1201.jpeg)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818432-almaty-policiasy-kazakstandagy-algasky-porno-studiany-anyktaldy-foto/