Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақша жетпейді": Жеке кәсібін ашқан қазақстандық жұлдыздар кімдер?

Опубликовано:

Отандық шоу бизнесте әрбір екінші әртіс өнерден бөлек сұлулық салоны, мейрамхана, дүкен, өнер мектепбі сынды бизнес ашып, кәсіптерін жүргізуде деп хабарлайды НТК телеарнасындағы Ревю бағдарламасы.

Фото: Әртістердің Instagram желісіндегі парақшасы
Фото: Әртістердің Instagram желісіндегі парақшасы: Instagram

"Хит" әнің болмаса, өнерде қыруар қаржыға кенелу мүмкін еместігін жұлдыздар баяғыда ұғынған. Соның бірі - Алуа Қонарова.

Бүгінде ол қосымша мектеп ашып, шәкірт тәрбиелеп отыр.

"Өнерге баулып қана қоймай, жастарға ойлануға, креатив танытуға мүмкіндік беретін шеберлік-сағаттарын ұйымдастырамын. Біздің жастар жаңа заманға сай болғанын қалаймын", - деді продюсер.

Жұлдызды жұп - Арман мен Аша да кәсіпкерлер қатарында.

Ерлі-зайыптылардың жеке-жеке киім сататын дүкен ашып алғаны белгілі болды.

"Арманнан әрине кеңес сұраймын себебі, негізі ол саудамен бұрыннан айналысады. Өзінің бутигі болған 10 жыл бұрын. Содан кейін жауып, Мистерионс тобына кетіп қалған және қайтып ашты 1 жыл бұрын", - деді Аша Матай.

Сауда-саттыққа келместен бұрын Балжан Бидаш қай бизнестің тізгінін ұстасам деп ұзақ ойланған.

"Мен дүкен ашпас бұрын өзімнің ательемді ашамын деп ойладым. Дизайнерский өзімнің атымнан, бірақ оған көп уақыт керек. Мен егер де ол істі бастайтын болсам, әнім шетте қала ма деген ой болды. Сондықтан осылай бастайын дедім", - деді әнші.

Өнер жұлдыздарының пікірінше, әншілік мансап қаражатты көптеп қажет етеді.

Олар шығармашылық тоқырамас үшін кәсіптен тапқан қаржыны өнерге салатынын жасырмады.

Жұлдыз Өмірғали да әншілік мансабы бүгінде аса табысты емес екенін ашып айтты.

Сол себепті ол шығармашылыққа керек қаражатты күйеуінен сұрауға мәжбүр екенін жасырмады.

Айқынның жары бизнеске қадам басуына да осы жайт түрткі болғанын растады. Себебі өзінің ақшасы ештеңеге жетпейтінін айтады.

Әнші Айқынның өзінің барлық бастамаларын қолдайтынын жеткізді.

Жұлдыз Өмірғали жаңа бастамасына серіктес болу үшін құрбысы Элизатты шақырған. "КешYou" тобында өнер көрсеткен Берікова тұрмысқа шыққалы бері бизнес бастауды жоспарлап жүрген көрінеді.

"Қазір енді үйде отырғандықтан, үйде отырып жұмыс жасауға болады. Мені осы жобаға Жұлдыз Өмірғали шақырған болатын", - дейді Элизат.

Әнші нақты немен айналысатынын жеткізді.

"Енді бұл, қатты сондай қиын нәрсе емес. Интернет арқылы жақсы жұмыс жасауға болады да. Сондықтан менде инстаграмым бар, оқырмандарым бар. Маған қарап, маған адамдар жұмысқа келеді", - дейді "Кешью" тобының бұрынғы әншісі.

Фариза Ескермес актрисалық пен жеке әншілікті қатар алып жүрсе де, тапқан табысы жеткіліксіз екенін растады.

"Джейран" тобының бұрынғы әншісі сол себепті қалтасын қалыңдату үшін қолынан келгенше түрлі кәсіпте өзін сынап көрмек.

"Жалпы қазір 21-ші ғасырдың адамы – ол тек қана бір жұмысты істеп қоймайды, егер де ақша көп тапқың келсе, танымал болғың келсе, жалпы өзің сондай энергия тұрғысынан өте күшті болу үшін, әр түрлі жұмыс істеу керек деп ойлаймын", - деді Фариза.

Оның пікірінші, өнер жеткілікті табысты алып келмейді.

"Өнер жеткілікті табыс алып келмейді. Оны бәрі біледі, оны кез келген әнші де, кез келген актер, актриса бәрі де айтады. Ол табыс өте аз. Мысалы, көрермендер экранның мына жағында отырған әншілер, бишілер, актерлар бай деп ойлайды", - деді Ескермес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818656-sou-biznestegi-biznesvumender-kataryna-kosylgandar-kimder/

pixel