Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараздағы орталық алаң атауы Назарбаевтың құрметіне өзгертілмек

Опубликовано:

Тараздың "Достық" орталық алаңы ҚР тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне өзгертілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Жамбыл облысы әкімдігінің тиісті қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының 26 қыркүйектегі шешімі ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің "Әділет"сайтында жарияланған.

"Тараз қаласының "Достық "алаңы "Нұрсұлтан Назарбаев" алаңына өзгертілсін", - деп көрсетілген Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысында.

Құжатта атаулардың ауысуы жергілікті халықтың пікірін ескере отырып және ҚР үкіметі жанындағы Республикалық ономастикалық комиссияның қорытындысы бойынша орын алғаны айтылған.

Қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелуден кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819918-tarazdagy-ortalyk-ala-atauy-nazarabaevty-krmetine-zgertilmek/

pixel