Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде "балалар ұрлығы" жөнінде ақпарат тарауда

Опубликовано:

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде белгісіз біреулер балалардың ұрланып жатқаны жөнінде аудиохабарлама таратуда. Алматы полициясы бұл ақпаратқа байланысты түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Аудиохабарламада белгісіз бір әйел адам Алматы қаласы мен облыста балалар ұрлығы жиілеп кеткенін мәлімдейді.

Әрі қарай хабарлама авторы Алматы полициясына жүк көлігінен мұз блоктарын түсіріп жатқаны бейнеленген видео келіп түскенін алға тартады. Айтуынша, бұл мұз блоктарында Қазақстанда жоғалған балалар сақталған деп жазды Sputnik Казахстан.

Алматы қаласының полиция департаменті бұл жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.

Құқық қорғаушылар KAZ.NUR.KZ-ке аталған хабарламаның жалған екенін хабарлады. Онда айтылған фактілердің барлығы шындыққа жанаспайды.

Ведомствоның мәліметінше, полиция біле тұра жалған ақпарат тарату әрекетін ұйымдастырушыларды іздестіруде. Оларды қылмыстық жаза күтіп тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820210-zelide-balalar-rlygy-zninde-akparat-tarauda/

pixel