jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда жас жұбайларға үш млн теңге берілуі мүмкін бе?

: UGC

Журналист және қоғам белсендісі Гүлжан Ерғалиева жас жұбайларға бюджеттен үш млн теңге бөлу туралы ұсыныс тастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Getty Images

Ерғалиева Facebook парақшасында бір қазақстандық жанұяның жағдайын баяндап берді.

"Менің естуімше, бір кедей жанұя қызын тұрмысқа беру үшін үш млн теңге несие алмақ. Жасау мен құдаларға сыйлық сатып алу, 90-100 адамға ұзату той жасау дегендей. Міне, бюджет осындай", - деді журналист.

Оның сөзінше, жанұядағы отағасы тұрақты жұмыс істемейді, ал тазалаушы болып еңбек ететін анасы 70 мың теңге жалақы алады.

"Енді олар пайызды несиені қалай өтейді деген сұрақ туындайды",- деп толықтырды ол.

Қоғам белсендісі Қазақстанда көптеген жанұяның басында осындай мәселе бар дейді. Оның пікірінше, балаларының тойына қомақты қаржы жұмсайтын халыққа "той капиталын" енгізу керек.

"Ал егер мемлекет жас жұбайларға тым болмаса үш млн теңгелік "той капиталын" енгізсе, кедейленіп қалар ма едік?", - деген Ерғалиева бұл қаражат жастар бірінші рет үйленген кезде ғана беілу қажеттігін түртіп өтті.

Ал екінші рет шаңырақ көтергендерге ақша бөлудің керегі жоқ.

"Халықтың сыйы деуге болады. Бұл "Рухани жаңғыру" бағдарламасының нақты қадамы емес пе? Бөлінген миллиардтарды қажетсіз нәрсеге жұмсағанша...", - деп түйіндеді белсенді.

Көпшілік бұл идеяға қолдау білдірді. Олардың қатарында "ажырасқандар қаражатты мемлекетке қайтару керек" деген пікірді ұстанғандар да бар.

Аталған ұсыныс үкімет тарапынан қолдау табар-таппасы әлі белгісіз.

Қазақстанда жас жұбайларға үш млн теңге берілуі мүмкін бе?

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.