Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК Ақмола облысының жоғары лауазымды екі полицейін ұстады

Опубликовано:

Ақмола облысында өңір полиция департаменті басшысының орынбасары, сондай-ақ, қаржылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Жоғары лауазымды полицейлерді ҰҚК мен ЖҚБ қызметкерлі ұстаған.

Оларға Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігіне сәйкес (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету) айыпталуда. Полиция қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Анықталғандай, күдіктілер аталған құқықбұзушылықты бір жыл ішінде сөз байласу арқылы жүзеге асырған.

Облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары тергеу изоляторына жатқызылды. Сонымен қатар, ол қызметінен қуылды.

Екекінің де лауазымы полиция полковнигі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820319-kk-akmola-oblysyny-zogary-lauazymdy-eki-policejin-stady/

pixel