Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ең көп табыс табатындар қай қалада тұрады?

Опубликовано:

Ғinprom зерттеулері нәтижесінде, Қазақстанда ересектер саны 12,1 млн адамға өскен. 96,6 пайыз (11,7 млн адам) ересек тұрғындардың жылдық табысы 10 мың доллардан аспайды деп жазады Zakon.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
  • 2,7% (326 322 адам) жылына 10 мың доллар мен 100 мың доллар аралығында табыс табады.
  • 0,35% (42 301 адам) - 100 мыңнан бастап 1 млн долларға дейін.
  • 0,05% (5 838 адам) - 1 млн бастап 50 млн долларға дейін.
  • 0,001% (162 адам) жалпы байлықтың 55% иелік етеді. Олардың 112 адамы жылына 50 млн бастап 80 млн долларға дейін, 45 адамы - 80 млн бастап 800 млн долларға дейін, 5 адам - 2 млрд бастап 3 млрд долларға дейін ақша табады.
Фото: Finprom.kz
Фото: Finprom.kz: Facebook

Бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда (153,7 мың тг) осы жылдың екінші тоқсанында тұрғындардың орташа айлық табысы 169,5 мың болған.

Егер аймақтарға бөлсек, онда Алматы тұрғындары 234,9мың теңге алады (бір жыл бұрын - 218,8 тг). Елордадағы орташа жалақы 226,7 мың теңгені құраған, бір жыл бұрын - 213,5 мың тг.

Үздік үштікті Қарағанды облысы аяқтайды . Орташа жалақы - 199,7 мың теңге (бір жыл бұрын - 182,6 тг).

ТОП-5 қатарына Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облысы кіреді. Орташа жалақы 198,4 мың және 191,7 мың.

Еліміздің сегіз өңірінің табысы орташа республикалық табыстан төмен. Ең төменгі табыс Түркістан облысында (100,4 мың теңге), Жамбыл облысы (121,1 мың теңге) және Қызылорда облысы (137,7 мың теңге).

Фото: Finprom.kz
Фото: Finprom.kz: Facebook

Табыс құрылымында табыстың негізгі бөлігі еңбек қызметінен келеді: 72,8% неемесе 123,4 мың тг (бір жыл бұрын - 115,1 мың тг).

Халықтың кірістері құрылымындағы әлеуметтік аударымдар 24% -ға өсіп, 39,8 мың теңгені немесе 23,4% құрады.

Туыстары мен таныстарының материалдық көмегі және балалардың алименті 4,3 мың теңгені (бір жыл бұрын - 4,5 мың теңге), ал басқа да табыстары 2,1 мың теңгені құрады.

Фото: Finprom.kz
Фото: Finprom.kz: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820367-elimizde-e-kp-tabys-tabatyndar-kaj-kalada-trady/

pixel