Тоқаев мұғалімдерді Ұстаздар күнімен құттықтады
Опубликовано:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президент құттықтау сөзді өз Twitter парақшасында жазды.
"Еліміздегі барлық мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Ұстаздар - балаларға білім беріп, ұрпағымызды отаншылдық рухында тәрбиелейтін керемет жандар. Еліміздің лайықты азаматтары - мұғалімдерге әрқашан қолдау көрсетеміз",- деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820542-tokaev-mgalimderdi-stazdar-knimen-kttyktady/