Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде ауыл тұрғындары білезікпен жерленген адам cүйектерін тауып алды (фото)

Опубликовано:

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Шеңбертал ауылының тұрғындары археологиялық қазба тауып алды. Алдағы аптада облыс орталығынан 450 шақырым қашықтықта табылған тарихи жәдігерлерге қатысты зерттеу жұмыстары жүргізілмек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл мәселеге қатысты Ырғыз ауданының әкімі Аққанат Шахин түсініктеме берді.

"Ауыл тұрғындары құм арасынан шеті көрінген құмыраны байқайды. Кейін ол жерден білезіктің сынығын, адамның сүйегін көреді. Ол жерді аудандық музей басшысы көріп қайтты. Қола дәуірінің адамы болуы мүмкін деп болжанып отыр. Қазір бұл жағдай туралы мәдениет басқармасына хабар бердік. Келесі аптада ауданға археологтар келеді",-деді ол.

Мамандар археологиялық қазбаны қола дәуіріне тән деп болжап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820546-aktbede-auyl-trgyndary-bilezikpen-zerlengen-adamny-mjitin-tauyp-aldy-foto/

pixel