Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраудағы сәби өлімі: Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы қызметін жалғастырады

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы өз қызметін жалғастыратынын айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Елжан Біртанов. Фото: Хабар 24
Елжан Біртанов. Фото: Хабар 24: UGC

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, басқарма басшысы облыс әкіміне жұмыстан босату туралы тиісті өтініш жолдаған. Ал облыс басшысы аталған қызметкердің одан әрі жұмыс істеуі немесе өз қызметінен кетуі туралы шешім қабылдауы тиіс болған.

Біртанов осы тақырыпта өңір басшысымен тілдескенін және оның басқарма басшысының қызметін жалғастыруы туралы шешімін қолдағанын айтты.

"Ол басқарма басшысы қызметін жалғастырады деп шешті. Өйткені, бұл басшының жүзеге асырып жатқан істері мен фактілері бар",- деді Біртанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820568-atyraudagy-sbi-limi-oblystyk-densaulyk-saktau-baskarmasy-bassysy-kyzmetin-zalgastyrady/

pixel