Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ең сексуалды автобус: Жолаушыларды итерген кондуктор желіні шулатты (видео)

Опубликовано:

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы №23 бағыттағы автобус кондукторының көлікке лық толған адамдарды тығыздап итеріп жатқан видеосы тарады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Роликтегі кадрларда кондуктордың жолаушыларды автобусқа сыйғызбақ болып оларды транспорттық көлікке итеріп мінгізіп жатқаны көрінеді.

Жолаушылар мінген соң оның өзі автобусқа сыймай қалады. Кондуктордың осы сәтте жасаған ерсі әрекеті қызу талқыға түсті.

"Ең үздік кондуктор, номинация беру керек", "Негізінде күлетін жағдай емес", "Ұят болды мынау", " Автобусқа таласып кіріп жатқанда, сыртымыздан осылай көрінеді екен ғой "9 айдан кейін мына автобустың жолаушысы босанады", "Алматының барлық автобусы осындай", - деп жарыса жазды желідегілер.

Видеоға блогер Аида Жексен де назар аударып, "Алматыда Қазақстандағы ең сексуалды автобус жүреді", - деп пікірін білдірді.

NUR.KZ тілшісі аталған қоғамдық көлік Қаскелең автобус паркінің балансында екенін анықтады. Алайда жұмыс кестесінің тағыздығынан парк басшылығымен байланысу мүмкін болмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820820-e-seksualdy-avtobus-zolausylardy-itergen-konduktor-zelini-sulatty-video/

pixel