Доллар бағамы 392 теңгеге жетті
Опубликовано:
Қазақстандық айырбас нүктелеріндегі доллардың бағаны 392 теңгеге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы қаласының айырбас пункттерінде доллар құны 390,9-нан 392 теңгеге дейін жетті. Ал Нұр-Сұлтандағы айырбас орындарында ол 390,5 - 391 теңге шегінде өзгеріп тұр.

Доллар бағамы биржада да өсуін жалғастыруда. KASE күндізгі сауданың қорытындысы бойынша 8 қазан күні бір доллар - 389,50 теңге тұрады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821095-dollar-bagamy-392-tegege-zetti/