Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмыста қиындық көретін ер адамдардың опасыздық жасауға бейім тұратыны рас па

Опубликовано:

Ғалымдар жұмыста күрделі мәселемен кезіккен азаматтардың әйеліне көп өтірік айтатынын анықтады. Зерттеу нәтижелері Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланды. Бұл туралы Lenta.ru сайтында сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Психологтар үйленген адамдарға арналған танысу сайтында түрлі салада жұмыс істейтін ер адамдардың парақшаларын тауып алған. Мамандар полицейлер мен қаржылық кеңесшілердің парақшаларын, сондай-ақ, олардың тәртіп жазаларына байланысты ақпаратты зерделеген.

Артынша сарапшылар оларды басшылықпен мәселелері болмаған басқа сала қызметкерлерімен салыстырған.

Нәтижесінде жұмыста қиындықтармен кезіккен адамдар үйленгендерге арналған сайттағы есепті еке есе көп төлеген. Психологтар мұны адамдардың жұмыста өз-өзін ұстауы жеке өміріне тікелей әсер етеді деп түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821198-zmysta-kiyndyk-kretin-er-adamdardy-opasyzdyk-zasauga-bejim-tratyny-ras-pa/

pixel