Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда үш бала иіс газынан уланып қалды

Опубликовано:

Қарағандыда 6, 8 және 13 жастағы үш бала жылыту пеші дұрыс істемегендіктен иіс газынан уланып қалды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Балалар бүгін, 9 қазанда, шамамен сағат 11:00-де ауруханаға жеткізілген. Олардың Қарағандыдағы Октябрь ауданында бірге тұрғаны белгілі.

"Алдын-ала мәлімет бойынша жылыту пешінің дұрыс жұмыс істемеуі және мұржадағы ақаулардың салдарынан зардап шегушілер газға уланған.
Жыл басынан бері Қарағанды облысында өрт шықпай-ақ, иіс газынан 5 адам қаза тауып, 10 адам жараланған", - деді өңірдегі ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомство тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821251-karagandyda-s-bala-iis-gazynan-ulanyp-kaldy/

pixel