Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сапарбаев зейнетақы жинағын алудың шарттарын атады

Опубликовано:

Үкімет қазақстандықтарға зейнетақы жинағын алуға рұқсат беру үшін олардың қордағы ақшасы мен өмір сүру ұзақтығына қарайды. Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев мәлім етті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бердібек Сапарбаев. Фото: NUR.KZ
Бердібек Сапарбаев. Фото: NUR.KZ: Original

Ол қазіргі уақытта зейнетақы жинағындағы қаражатты алуға қатысты мәселе пысықталып жатқанын, арнайы жұмыс тобы құрылғанын атап өтті.

"Біріншіден, бұл әр азаматтың зейнетақы жинағына байланысты болады. Екіншіден – өмір сүру ұзақтығына. Бұл азамат шамамен қанша жыл зейнетақы алатынын есептейміз. Яғни, өмірінің қалған күндеріне жинаған қоры жете ме, жоқ па, соған қараймыз", – деді вице-премьер.

Еске сала кетейік, 2 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында үкіметке Ұлттық банкпен бірлесе отырып, қазақстандықтардың зейнетке шықпай тұрып зейнетақы қорындағы қаржыны қолдана алу мүмкіндігін іске асыратын бағдарлама ойластыруды тапсырған болатын.

Президент үкіметке жылдың соңына дейін қазақстандықтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана мен білімге жұмсауға пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821252-saparbaev-zejnetaky-zinagyn-aludy-sarttaryn-atady/

pixel