Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жымқырудың жаңа схемасы": Аstana LRT icі бойынша ауқымды тергеу жүруде

Опубликовано:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана LRT ісі бойынша тергеудің тың мән-жайлары анықталғанын жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Бұл туралы елордада өткен брифингте агенттіктің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов айтып берді.

"Құрылыстың үш кезеңін де тергеп жатқан ведомствоаралық жедел тергеу тобы құрылды. Техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалық-сметалық құжаттаманың негізділігі, орындалған құрылыс жұмыстарының негізгі бөлігі, техникалық бақылау ісінің бәрі де тексеріліп жатыр.
Осыған байланысты аталған саланы арнайы зерттей алатын мамандар мен сарапшыларды жұмысқа тартып жатырмыз", - деді ол.

Оның айтуынша, іске қатысты барлық құжаттар қазіргі уақытта тәркіленген.

Сол құжаттарға орай экономикалық және құрылыс сараптамалары тағайындалғаны белгілі болды

"Қаржы мамандары экономикалық есепті жүргізіп жатыр, ал құрылыс сарапшылары салынып қойған нысандардың бақылауын аяқтады. Ұлттық банк пен Есеп комитетінің араласуымен Қытайдың даму банкінен "Астана Банкіне" салынған қаражаттың негізділігі мен заңдылығы да тексерілуде. Сонымен бірге, тергеу жымқырудың жаңа схемасын анықтап жатыр", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821408-zymkyrudy-zaa-shemasy-astana-lrt-ici-bojynsa-aukymdy-tergeu-zrude/

pixel