Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жемқорлардың бет-әлпеті көрсетілген видео пайда болды

Опубликовано:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде білім саласында заң бұзғандардың бет-әлпетін көрсетті. Соңғы екі жылда білім ұйымдары қызметкерлері 455 жемқорлық қылмыс жасаған, олардың басым бөлігі ұрлық пен пара алу деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Вице-министр Суханбердиева мен Нұр-Сұлтандағы №3 мектеп директоры Шеверняеваның шулы ісінен бөлек, Қазақстанда ірі қылмыстардың саны айтарлықтай көп болып шықты.

Олардың қатарында оқу құралына бөлінген қаржыны жымқыру, колледжді жаппау үшін пара беру, мектеп автобусын есептен шығару мен оқу мекемелері басшыларынан миллиондаған алым-салық алу фактілері бар.

Видеода 300 мың теңге пара алған Қызылорда облысы білім беру саласын бақылау департаментінің басшысы Р.Чагай көрсетілген. Сот оған 20 млн теңге айыппұл салды.

Ал Теміртауда білім бөлімі басшысы Б.Рахымова өз жұмыс орнында парамен ұсталып қалды. Сот оған 5,6 млн теңге айыппұл бекітті.

Алматы облысында білім бөлімі басшысы А. Бекболатова мен есепші А. Қадырғалиева мекемелері тексерістен оң баға алу үшін пара берген. Олар жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821548-zemkorlardy-bet-lpeti-krsetilgen-video-pajda-boldy/

pixel