Павлодарда мектеп асханасынан тамақ ішкен алты бала уланып қалды
Опубликовано:
Павлодар қаласына қарасты Павлодар ауылының мектебіндегі асханада тамақтанған 6 бала уланып қалды деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлімдеді.
"Бірден айта кетейін, жағдай менің жеке бақылауымда", - деді Болатханұлы.
Қазір оқиға орнында Павлодар білім беру бөлімінің және қоғамдық денсаулықты бақылау органының өкілдері жұмыс жасауда. Жақын арада тексеру нәтижелері дайын болады. Басқарма басшысы балалардың ата-анасынан кешірім сұрады
"Білім ордасындағы оқиға біздің кінәмізден орын алмаса да, жауапкершілікті сезініп, денсаулықтарына қауіп төнген балалардың ата-анасынан үлкен кешірім сұраймын.
Қазіргі уақытта бес бала емханада, бір бала үйінде ем қабылдауда. Дәрігерлер балалардың жағдайы қанағаттанарлықтай екендігін хабарлады.
Тағы да атап өтейін, балалардың денсаулығы – ең маңыздысы! Олардың тезірек жазылып кетуін тілейміз", - деді Дінислам Болатханұлы.
Облыстық білім беру басқармасының басшысы асхананы жалға алушының әрекеті тексеріліп жатқанын айтты. Шешім санэпидемиологтардың ресми қорытындысынан кейін шығады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821566-pavlodarda-mektep-ashanasynan-tamak-isken-alty-bala-ulanyp-kaldy/