Алматыда күдікті зат табылған Mega сауда орталығы эвакуацияланды
Опубликовано:
Алматыда Бостандық ауданы Розыбақиев көшесіндегі сауда үйінен күдікті зат табылды. Қаланың шұғыл және жедел қызметтері тексеріс жүргізіп жатыр деп хабарлайды Полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Осындай хабарламаларға алғашқы жауап ретінде сауда үйінің қызметкерлерін эвакуациялау жүргізілді, патрульдік экипаждар көліктерді шығару жүзеге асырылуда", - делінген хабарламада.
Алматы полициясы тұрғындарды сабырлылық сақтауға, байбалам салмауға, қызметтердің тек ресми ақпараттарына сүйенуге, сондай-ақ тексеру жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауға шақырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821607-almatyda-kdikti-zat-tabylgan-sauda-ji-evakuacialandy/