Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәжікстанда оқушы қыздың бетінен сүйген мұғалім 17,5 жылға сотталды

Опубликовано:

Тәжікстанда Хатлон облысының Яван аудандық соты "Нурбахш" лицейінің 58 жастағы мұғалімі Мирзохон Алиевті 17,5 жылға бас бостандығынан айырды. Сот оны 12 жастағы оқушы қызға жыныстық зорлық көрсеткен деген шешім шығарды деп жазады Centralasian.org.

Тәжікстанда оқушы қыздың бетінен сүйген мұғалім 17,5 жылға сотталды
Көрнекі фото: centralasian.org: Twitter

Алиевтің туыстары бұл айып негізсіз екенін алға тартуда.

Олар ұстаздың шахмат жарысында жеңген оқушысы үшін қуанып, шын ниетімен бетінен сүйгені үшін жазаға тартылып жатқанын айтады.

14 қазанда өткен сотта бұл істе жәбірленуші қатарында жасы кәмелетке толмаған қыз болғандықтан, сот материалдары жарияланбайтыны айтылды.

Сотталған мұғалімнің балаларының айтуынша, әкесі тергеу кезінде азапталып, өзіне таққан айыпты мойындауға мәжбүр болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822159-tzikstanda-okusy-kyzdy-betinen-sjgen-mgalim-175-zylga-sottaldy/

pixel