Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анасы жасырып келген: Ақтау тұрғыны 54 жылдан кейін егізін тауып алды

Опубликовано:

Ақтау тұрғыны НТВ телеарнасының эфиріне шығатын "ДНК" бағдарламасының кейіпкері болды. Бағдарлама барысында әйелдің бала күнінде асырап алынғаны, ал ажырап қалған туған әпкесі Ресейде тұратыны белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Татьяна және Ирина. Видеодан кадр
Татьяна және Ирина. Видеодан кадр: Facebook

Апалы-сіңлілер туралы құпия аналарының бірі өлер алдында асырап алғанын айтқан соң жария болған.

Ресейде тұратын Татьяна Калмьминаның сөзінше, ол өзінің әке-шешесі туған ата-анасы емес деп ешқашан ойламапты.

Анасының шындығынан соң туыстарын іздей бастаған әйел өзінің Қазақстанда тұратын сыңары бар екенін анықтаған. Татьяна егізі Иринаға байланыс орнату үшін хат жазады.

Олардың алғашқы кездесулері бағдарлама студиясында өткен. Әйелдер ақиқатқа көз жеткізу үшін ДНҚ сараптамасын жасатқан. Оның нәтижесі оң болып шығыпты.

Телеарна қызметкерлері баладан бас тартуға не себеп болғанын анықтапты.

Белгілі болғандай, қыздардың анасы әпкесінің күйеуінен жүкті болып қалған. Алайда жарты ғасыр өтсе де, ол бөтен адамдар тәрбиелеген қыздарымен кездескісі келмепті.

Татьяна мен Ирина бір-бірін қолдап, үнемі байланыста болып және енді айырылмауға шешім қабылдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822178-aktau-trgyny-54-zyldan-kejin-egiz-pkesin-tauyp-aldy/

pixel