Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыз-келіншектер үшін: Бетіңіздің әдемі қалпын қалай сақтауға болады

Опубликовано:

Бет терісінің жас қалпын сақтау - қыз-келіншектер үшін ең маңызды дүниелердің бірі. Газды сусындар, токсиндер, ұйқының қанбауы, құнарсыз тағамдар - осының бәрі бет терісінің ерте қартаюына әкеп соқтырады. Осы ретте Экспресс Новости теріңізді сәбидікіндей нәзік болмаса да, солғындатпай сақтап қалудың жолын ұсынды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

1. Тек бет теріңізді ғана емес, мойын теріңізді күтіңіз

Қанша қызық көрінгенімен, косметолог мамандар осылай дейді. Өйткені әлсіз әрі шаршаңқы мойын терісі деформацияланып, бет терісінің кәрі көрінуіне әкеледі.

2. Бет теріңізге лас заттарды жолатпаңыз

Күн сайын бетіңізді қолыңызбен ұстайсыз, бет орамалмен сүртесіз, телефонды үйкейсіз. Мұның бәрі теріңізді жарақаттап не құртуы мүмкін. Қажет болмаса бетіңізге тиісе беруді қойыңыз.

3. Дұрыс күтім жасамау

Бәсекелестіктің артып тұрған шағында түрлі өнімдер шығарылып жатыр. Олардың бірі сізге жақса, енді бірі теріңізді одан сайын құртып тасауы мүмкін. Бет күтіміне қатысты заттар алмас бұрын косметологқа немес дерматолог маманға барғаныңыз жөн.

4. Күнге күймеуге тырысыңыз

Бет теріңізді күюден қорғаңыз. Сыртқа шықпас бұрын арнайы қорғанатын кремдер жағып, суды жиі ішіңіз.

UVA-спектрінің әсерінен терінің терең қабаттары жұқарады және тірек қасиеттерін жоғалтады. Ал бұл бет терісінің салбырауына әкеледі.

5. Зиянды әрекеттерден аулақ болыңыз.

25 жастан соң қартаю жылдам жүреді. Бұл процесті баяулату үшін ұйқыңызды бір нормаға келітіріп, зиянды тағамдар, алкоголь мен темекіден аулақ болыңыз.

6. Күліп жүріңіз

Күлімсіреу - беттегі бұлшықет тонусына жақсы көмектеседі. Яғни, бет бұлшықеттерін дұрыс тонуста ұстап тұруға мүмкіндік береді, соның арқасында беттегі әжімдерге алаңдамасаңыз да болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822646-kyz-kelinsekterge-arnalgan-betiizdi-demi-kalpyn-kalaj-saktap-kaluga-bolady/

pixel