Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еріншектер үшін табыс: ПАММ-шоттар туралы не білесіз

Опубликовано:

Бүгінгі күні ақша үнемдеудің түрлі әдіс-тәсілі бар. Үйде "қаралы" күнге сақтау, шетелдік валютаны сатып алу, банктік салым ашу. Алайда, бұл әдістердің біреуі де елеулі табысқа кепілдік бермейді.

ПАММ-шоттарға инвестиция немесе еріншектер үшін табыс

Ұлттық және шетелдік валюта құнсызданып кетуі мүмкін болса, банктік депозиттер ставкасы инфляцияны жаба алмай жатады. Олай болса, қаржыны өз сатып алу қабілетін сақтап қана қоймай, оның үстіне қосымша табыс әкелуі үшін қайда құйған жөн? Бұл тұрғыда біз бірнеше тәсілдерді қарастырып шығып, олардың ішінен ең тиімді әрі сенімдісін атап өтуді шештік. Ол - ПАММ-шоттардың сервисі.

ПАММ дегеніміз не?

ПАММ-шоттардың сервисін осыдан 11 жыл бұрын Альпари компаниясы жасап шығарды. Компания оны жасап шығарғаны үшін көптеген халықаралық қаржылық марапаттарға ие болды. Бүгінгі күні көптеген форекс-брокерлер аталмыш сервистің аналогына ие. Алайда, тәуелсіз аудиторлық тексерістің нәтижесі тек қана Альпариде бар.

ПАММ-шоттарға инвестиция немесе еріншектер үшін табыс

Сервистің жұмыс атқару тәртібі мынадай: инвесторлар өз қаржысын аса тәжірибелі трейдерлердің шоттарына құйып, өздігінен саудаласпай-ақ сол үшін табысқа кенеледі. Ал трейдерлер болса, инвесторлардың сыйақы алуынан ынталанады. Себебі, олардың табысы бұл жайтқа тікелей байланысты.

Бастапқыда инвестор ақшаны қандай шотқа салып қойғысы келетінін анықтап алу керек. Альпари компаниясының сайтында ол үшін арнайы ПАММ-шоттардың рейтингісі бар. Онда шот таңдарда бейімделуге болатын көптеген көрсеткіштер бар: шоттың жасы, табыс пайызы, шөгудің максималды деңгейі, табыстылық пен т.б.

Инвесторға арналған ескертпе

ПАММ-шоттың тағы бір артықшылығы — табыстылығы. Бұл құралдың табыс деңгейі мүлдем шектелмейді. Мәселен, валютаның 40 бірліктен 80 бірлікке дейін ауытқуы ол валютаны уақытылы сатып алып, кейін қайта сатып жібергендер үшін жүз пайыздық табыс болады деген сөз. Бүгінгі тұрақсыз заман жағдайында мұндай оқиғалар жиі болып тұрады.

ПАММ-шоттарға инвестиция немесе еріншектер үшін табыс

ПАММ-шоттар қаржыны толықтай бақылау мүмкіндігі есебінен де өз танымалдылығын арттырды. Ақшаны құю немесе қайта шығару тек Альпари компаниясының сайтындағы жеке кабинет арқылы іске асуға болады. Қаржыны енгізу мен шығары әдістері сантүрлі: банктік карталар мен аударымдар, интернет-банктер, электронды аударымдар, төлем терминалдары. Қаржыны санкцияланбаған шығарудан Альпаридің автоақпараттандырушылары мен СМС-растау жүйесі қорғайды. Айта кетерлігі, жеке кабинетте басқарушы жұмысының нәтижесін қадағалап отыруға болады.

Жоғарыда келтірілген мәліметтерден мынадай түйін жасауға болады: ПАММ-шоттар – банктік салымдарға таптармас балама. Бұл сервиспен жақынырақ танысуға Альпари сайты көмектеспек. Тегін консультация алып, қаржы құйыңыз. Сіз үшін ақшаңыз жұмыс істесін!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822878-erinsekter-sin-tabys-pamm-sottar-turaly-ne-bilesiz/

pixel