Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана" мен "Қайрат" кездесуінде футболшылар тіресіп қалды (видео)

Опубликовано:

"Астана"-"Қайрат" матчы алаң иелерінің есебіне шешілді. Бұл Премьер-Лиганың 30-турындағы орталық ойын болған еді деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: fcastana.kz, видеодан кадр
Фото: fcastana.kz, видеодан кадр: UGC

"Астана Арена" стадионында өткен кездесуде елордалықтар 3:1 есебімен айласын асырды.

8-минутта есепті Марин Томасов ашты. Алғашқы таймда қауіпті сәттер көп болғанымен, қонақтар қасыластың қақпасын бағындыра алған жоқ.

55-минутта есеп ашқан жартылай қорғаушы жарақат алып, алаңнан кетуге мәжбүр болды. Осы уақытта футболшылар арасында текетірес басталып кетті.

Екінші голды 61-минутта Сергй Хижниченко соқты. Алайда Рада Дугалич матчтың 68- минутында есеп айырмашылығын азайтуға мүмкіндік алды.

Кздесудің аяқталуына аз ғана уақыт қалғанымен, Рангело Янга қайраттықтарды тағы әбігерге түсіріп, үшінші допты салып үлгерді (90+4).

Осылайша, "Астана" 60 ұпайды иеленіп, турнир кестесінің екінші орнына жайғасты. Қазірше елордалық клубтың көрсеткіші "Қайраттан" екі ұпайға аз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823120-astana-men-kajrat-kezdesuinde-futbolsylar-tiresip-kaldy-video/

pixel