Анар Қайырбекова жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Анар Қайырбекова өз тағайындалуына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Университет ректоры болып тағайындалмас бұрын Қайырбекова БҒМ Әкімшілік жұмыс пен мемлекеттік сатып алу департаменті директоры қызметін атқарды. Министрліктегі жемқорлық туралы айтып, шағым түсірген ол басшы орынбасары қызметіне дейін төмендеп, артынша қайта қызметіне оралды.
"Міне, қазір ректор қызметіне тағайындалдым. Мен ерте ме, кеш пе ректор болар едім. Мен қызметте қайта қалыпқа келу қағидасын берік ұстандым",- деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Анар Қайырбекова Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры болып тағайындалды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Анар Қайырбекова Білім вице-министрі Рүстем Биғари мен оның жауапты хатшысы Арын Өрсариевтің үстінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке шағымданған еді.
Ол іске асырылмаған қызметтерге ақы төлеу үшін құжаттарға қол қоюға мәжбүрледі деп айып тақты.
Артынша, БҒМ қызметкерлері жемқорлыққа қатысты айыптауға пікір білдірген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823314-anar-kajyrbekova-zaa-kyzmetine-katysty-pikir-bildirdi/