Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Білім және ғылым министрлігіндегі қызметкерлердің үстінен арыз түсті

Опубликовано:

Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари мен жауапты хатшы Арын Орсариевтың үстінен Жемқорлыққа қарсы қызметке арыз түсті деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Фото: bnews.kz
Фото: bnews.kz: Depositphotos

Шағымды әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Анар Қайырбекова жазған. Ол министрлік өкілдерін қызмет көрсету туралы келісімге қол қою кезінде қысым жасады деп айыптады.

Қайырбекова бюджеттен 48 миллион қаражат серверлік көші-қонға бөлінгенін айтты. Алайда, оның айтуынша, жеткізуші жұмысты орындамаған.

"Мен пайдакүнемдік ниетін түсінген кезде, вице-министр Биғаримен келісімшартқа отырудан бас тартып, қол қою рәсімін тоқтаттым", - деді Анар Қайырбекова.

Шенеуніктің айтуынша, олар оған қысым көрсеткен және оны ақша аудару туралы құжаттарға қол қоюға мәжбүр еткен.

Ал Арын Орсариев айыптауды жоққа шығарды. Ол барлық жұмыстар толығымен аяқталғанын және ешқандай заң бұзушылықтар болмағанына сендіріп отыр.

Әріптестеріне тағылған айыптарға түсінік берген БҒМ басшысы Асхат Аймағамбетов асығыс тұжырым жасамауға, уәкілетті органдардың шешімін күтуге шақырды. Министр нәтижелер туралы дереу хабарлауға уәде берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813403-bilim-zne-gylym-ministrligindegi-bassylardy-stinen-aryz-tsken/

pixel