2020 жылдың бірінші қаңтарынан бастап ақ халаттылардың жалақысы қанша пайызға өседі
Опубликовано:
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов дәрігерлердің жалақысын көтеру бойынша қандай жұмыс атқарылып жатқанын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/bc3d9cf5152036a7.jpeg)
Министрдің сөзінше, әлеуметтік қамқорлық шараларын іске асыру аясында 1 маусымнан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға дейін өскен.
"Жаңа бағдарламаның шеңберінде 2025 жылға дейін медициналық қызметтердің тарифтерін өсіру және медицина қызметкерлерінің жалақысын орташа жалақыдан 1-ден 2,5 есе жоғары ету көзделген", - деді Біртанов сенатта өткен үкімет сағатында.
Оның сөзіне қарағанда, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға, ал мейірбикелердің еңбекақысы 20 пайызға артады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823354-2020-zyldy-birinsi-katarynan-bastap-ak-halattylardy-zalakysy-kansa-pajyzga-sedi/