Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзінің атына 50 мың нөмір тіркелгенін білген петропавлдық келіншек қатты таңырқап қалды

Опубликовано:

Петропавл тұрғыны өз атына 50 мың абоненттік нөмір тіркелгенін анықтады. Келіншек бұл ақпаратты өз байланыс операторының кеңсесіне барғанда білген деп хабарлайды baigenews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Марияның сөзінше, ол ешқашан мұндай көп нөмір қолданбаған және ешкімге сыйламаған. Бұрыннан бір нөмірді пайдаланған ол жаңа нөмірлерді тіркемеген.

"Бұл жағдай маған шок болды. Елестетіңіззші, 50 мың нөмір. Менің артымда бір топ абоненттер жиыны тұр", - деді ол.

Петропавл тұрғынына оператор нөмірлердің қалай тіркелгенін түсіндіріп бере алмаған. Дегенмен, олардың барлығы қыздың ЖСН нөміріне бекітіліпті.

"Олардың барлығы мен бірнеше жыл бұрын жоғалтып алған жеке куәлігіме тіркелген шығар. Бірақ, менің қатты қорқатыным, осы нөмірден кез келген адам жарылғыш зат қойылғанын хабарлауы немесе алаяқтар біреулерді алдауы мүмкін еді ғой. Мен иесі болғандықтан, мәселе менде туындар еді. Осы уақытқа дейін тексеру ойыма келмепті", - деді таңданған ол.

Келіншектің сөзінше, ол барлық нөмірлерді жабу үшін арыз жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823358-zini-atyna-50-my-nmir-tirkelgenin-bilgen-petropavldyk-kelinsek-tayrkap-kaldy/

pixel