Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Байланыс жоқ": Нұр-Сұлтаннан шыққан отбасы айдалада адасып кетті (фото)

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласынан ауылдағы туыстарына жол тартқан отбасы түн жарымда адасып кеткен. Көлікте ата-анасымен бірге 1,5 жасар және 3,5 жасар екі қыз бала болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Facebook

Олар жеті қараңғы түнде көлігінің жанармайы бітіп, желі ұстамайтын жерде көмек сұрай алмай қысылған. Ас суы бітіп айдалада аңтарылған отбасының әкесі ары бері жүріп телефон байланысын ұстайды. Жалма жан полицияға хабар беріп көмек сұрап үлгереді.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Facebook

Келіп түскен ақпарат бойынша, Созақ АПБ-нің ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Дидар Утешов тез арада іске кірісіп, хабарлама түскен аймаққа аттанады.

Ауылдың ой-шұқырын  жаттап алған тәртіп сақшасы жылдам әрекет етіп, оқиға орнына жетіп, өз жеке көлігімен адасып қалған отбасын құтқарады.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Instagram

"Әуелі Алла, одан кейін полиция майоры Дидар Утешовтың арқасында бүгін біз аман-есенбіз. Айдалада көлік жүрмейді, ас-суымыз таусылған, тіпті ұялы телефонда байланыс жоқ жерде кішкентай қыздарымызбен қалып кеттік.

Мүмкіншілік пайда болысымен бірінші кезекте полицейлерге хабарластым. Рахмет, ол тез арада бізді тауып алды. Көмек көрсетті, өз ісінің нағыз маманы екен, полицей-қамқоршы, қолдаушы бола білді"-деп жүрекжарды лебізін білдірді жолда адасқан отбасының әкесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823474-bajlanys-zok-nr-sltannan-sykkan-otbasy-ajdalada-adasyp-ketti-foto/

pixel