Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық азаматтардың Сириядағы жантүршігерлік қылмысы жарияланды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда "Жусан" арнайы іс-шарасы шеңберінде Сириядан елге қайтарылған 14 Қазақстан азаматына қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Прокурор кейбірінің ауыр қылмыстарын жариялады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Sputnik/ Абзал Калиев
Фото: Sputnik/ Абзал Калиев: Facebook

Прокурор Еділ Мұрат айыпталушылар арасындағы Ғазинұр Бақытжанов пен Аманжол Жансеңгіровтің террористік сипаттағы бейнероликтер түсіргенін мәлімдеді.

"ДАИШ халықаралық террористік ұйымының содырлары жергілікті үкімет әскерімен болған соғыста жеңіске жеткендіктен, лаңкестік ұйым мүшелері – Жансеңгіров пен Бақытжанов ұялы телефонға бейнеролик түсірген", – деді Еділ Мұрат.

Аталған жазбада Бақытжанов аз адам шығынымен жеңіске жеткендерін, жауды ешқандай бекініс құтқара алмайтынын мақтанышпен айтқан. Содан соң әскери киімде өліп жатқан адамдарды қарумен нұсқап, оларды "кәпір" деп атаған.

Сараптама аталған бейнежазбада діни алауыздықты қоздыру және терроризмді насихаттау бегілерін анықтады.

"Сондай-ақ, қарулы қақтығыстан кейін ИГИЛ террористік ұйымының мүшелері төрт адамның басын кесіп алып, жұртты үрейлендіру мақсатында көшеге жеті тәулікке тастап қойған.
Террористік топ мүшесі Жансеңгіров осы бастардың бірін аяғымен басып, қару ұстап тұрып суретке түскен. Ол сурет ғаламтор арқылы көпшілікке тарап кеткен", – деп атап өтті прокурор.

Ол сараптама кезінде фотосуреттегі адамның 1986 жылы Ақмола облысында туған Аманжол Жансеңгіров екені расталғанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823481-kazakstandyk-azamattardy-siriadagy-zantrsigerlik-kylmysy-zarialandy/

pixel