Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Орны ерекше": Назарбаев Зеленскиймен не туралы сөйлесті (фото)

Опубликовано:

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездесті деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Фото: elbasy.kz
Фото: elbasy.kz: Instagram

Кездесу барысында Елбасы Владимир Зеленскийді Украинаның президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

"Украинаның жаңалықтарын күнделікті қадағалап отырамын. Мен үшін сіздің еліңіздің орны ерекше. Бұл кезінде Украинада екі жыл оқығаным үшін ғана емес. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Украина президенттерімен жақын таныс болдым", – деді Қазақстанның тұңғыш президенті.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев Украинадағы оқиғаларға өз алаңдаушылығын білдірді.

Фото: elbasy.kz
Фото: elbasy.kz: Depositphotos

Елбасы Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығысты бейбіт жолмен шешудің маңыздылығын атап өтті.

"Сіз сайлауда халықтың үлкен сеніміне ие болдыңыз. Жоспарларыңызды жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндік бар", – деді Елбасы.

Өз кезегінде, Владимир Зеленский Украинаның Қазақстан Республикасын кең ауқымды мәселелер бойынша әрдайым қолдағанын атап өтті.

Келіссөздер барысында, Зеленский Қазақстан президенті Тоқаевпен Нью-Йорк қаласында кездескенін айта келе Елбасыны Украинаға шақырды.

Сонымен қатар, тараптар екі ел арасындағы сауда-саттықты арттырып, қатынастарды нығайту мәселелерін талқылады.

Фото: elbasy.kz
Фото: elbasy.kz: Instagram

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823520-orny-erekse-nazarbaev-zelenskijmen-ne-turaly-sjlesti-foto/

pixel