Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Енгізілдірования": Көкшетауда автобусқа ілінген афишадан қате анықталды

Опубликовано:

Көкшетау қаласындағы маршруттарда ілінген хабарландыруларда қателіктердің бары анықталды. Мәтінде "енгізілді" деген қазақша сөз "енгізілдірования" деп жазылған. KAZ.NUR.KZ тілшісі мәтіндегі қателік жайлы білу үшін хабарландыруды ілген компанияға хабарласты.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ұялы телефонға жауап берген оператор өз сөзінде хабарландырудың небәрі бір апта тұрып, содан кейін алынып тасталатынын алға тартты.

Алайда біраз уақыттан кейін ойын өзгертіп, қатемен жазылған афишаның 2-3 апта тұратынын айтты.

"Бұл уақытша ғана, халыққа картаны толтыруды қалай жүзеге асыруды түсіндіру үшін ғана ілінді. Бір аптадан кейін алып тастаймыз. Үнемі ілініп тұрмайды. Мүмкін екі-үш апта", - деп жауап берді компания өкілі.

Хабарландырудағы қателіктің неліктен әлі түзетілмегенін сұраған кезде, оператор мәселенің қаржыға байланысты болып тұрғанын мәлімдеді.

"Біз басып шығарғанша оны "дублировать" етіп қойыпты. Қазір оны алып тастап, жаңасын жасай алмаймыз. Оның өзі ақша ғой. Типография бәрін шығарып қойыпты.
Негізінде біз аудармашыны жалдадық. Ол аударып бергеннен кейін біз оны типографияға жібердік. Ал оны кім тексеру керек екенін білмейміз", - деп жауап берді арнайы маман.

Сондай-ақ, телефонға жауап берген оператор афишаның демалыс күндері ілінгенін, ал қателіктің күні кеше ғана анықтағанын да алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823658-engizildirovania-kksetau-avtobustaryna-ilingen-afisadan-kate-anyktaldy/

pixel