Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорданы туған күнімен ерекше құттықтаған жандар марапатталды

Опубликовано:

Қала күнінде «Ерекше» құттықтауларымен ерекшеленгендер марапатталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қызылорда қаласында «Ерекше» құттықтау иелері марапатталды
Фото: Акимат г.Кызылорды: Facebook

Қызылордада қала күніне орай әлеуметтік желілерде тұрғындар арасында дәстүрлі байқау ұйымдастырылды.

Биыл екінші рет ұйымдастырылған «Qlove» фотосуреттер және «Qvine» вайнерлер байқауы жастар арасында кеңінен қолдауға ие болды.

Қызылорда қаласында «Ерекше» құттықтау иелері марапатталды
Фото: Акимат г.Кызылорды: Facebook

«Qlove» фотосурет байқауының қатысушылары Өздерінің қала күніне арналған құттықтауларын бірі ерекше өлең жолдарымен жеткізсе, бірі «креативті» фотосуреттерін ұсынды. Қатысушылар арасынан тұрғындардың ықыласына ие болған үздіктер Альбина Құрманайқызы, Бақмұхаммед Мұхаммадұлы, Балнұр Қаршығақызы және Гүлбану Мақажан марапатталса, «Qvine» вайн байқауында «Жылы жүрек жастар» қоғамдық қорының еріктілері ұсынған видео көптің көңілінен шықты. Олар өз видеоларында Қызылорда қаласының өзіне тән ерекшеліктері туралы тұрғындар арасында жүргізілген сауалнамасымен қызықтырды.

Қызылорда қаласында «Ерекше» құттықтау иелері марапатталды
Фото: Акимат г.Кызылорды: Facebook

Қала әкімінің орынбасары Мира Жомартқызы белсенділіктерімен қала тұрғындарына көңілді күй сыйлаған байқау жеңімпаздарын қала әкімінің дипломымен және сыйлықтармен марапаттады.

Қызылорда қаласында «Ерекше» құттықтау иелері марапатталды
Фото: Акимат г.Кызылорды: Facebook

Тек қала күні аясында ғана емес, қала тұрғындарының еңбегін бағалауға бағытталған мұндай акцияларды ұйымдастыру қызылордалықтар үшін тұрақты дәстүрге айналып келеді.

Қызылорда қаласында «Ерекше» құттықтау иелері марапатталды
Фото: Акимат г.Кызылорды: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823870-kyzylordany-tugan-knimen-erekse-kttyktagan-zandar-marapattaldy/

pixel