Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бала менен емес деді": Күйеуінің күдіктенуінен шаршаған келіншек көпшілікке мұңын шақты

Опубликовано:

Күйеуінің күдіктеніп жүргенін айтқан тұрмыстағы келіншек әлеуметтік желіде сырын ақтарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Әйел адам жарының неге күдіктеніп жүргенін түсіндіріп, құпиясын Instagram-дағы Ushbu_hat тобында бөлісті.

"Күйеуіммен бір жыл бұрын ажырасып, қаңтар айында қайта қосылдық. Спираль болмағандықтан, қайта келген соң бірден бала көтердім. "Қызды болдық" деп қуанып жүрсем, кеше "бала менен емес" дейді. Ол "кімнің баласы екенін мойында" деді.
"Бар мәселе бала күйеуіме ұқсамайды екен. Менен де айнымай тұрғаны шамалы. "Бала әлі қырқынан шыққан жоқ. Әлі мың түрленеді" десем, "қойшы" деп көнбейді. "Тест жасат" дедім. Бірақ осылай күдіктенгені үшін күйеуімнен суып кетті. Ішіме сияр емес. Есіме түссе жылағым келе береді", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823908-bala-menen-emes-dedi-kjeuini-kdiktenuinen-sarsagan-kelinsek-kpsilikke-myn-sakty/

pixel