Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Надаль Испанияның экс-короліне қоңырау шалып, тұтқаны Назарбаевқа берді (видео)

Опубликовано:

Әлемдік теннис жұлдыздары Новак Джокович пен Рафаэль Надаль арасындағы қайырымдылық матчының алдында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Испанияның бұрынғы королі Хуан Карлос I-мен телефон арқылы әңгімелесті. Елбасы ,аспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter-парақшасына видео жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Елбасының баспасөз хатшысы атап өткендей, матчтың алдында испаниялық теннисші Рафаэль Надаль Нұрсұлтан Назарбаевқа Испанияның бұрынғы королі Хуан Карлос I-нің жылы лебізін жеткізді.

Елбасы спортшыға алғысын білдіріп, оның бұрынғы досына сәлем беруді сұрады.

"Осы сәтте Рафаэль Надаль Испанияның бұрынғы короліне қоңырау шалып, телефонды Қазақстанның Тұңғыш Президентіне берді. Осылайша, қайырымдылық теннис матчының алдында Елбасы мен Хуан Карлос I телефон арқылы сөйлесті", - деп атап өтті Айдос Үкібай.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда өткен әлемнің бірінші және екінші ракеткасы арасындағы жекпе-жек Рафаэль Надальдің жеңісімен аяқталды. Нұрсұлтан Назарбаев қайырымдылық матчына жеке өзі қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824032-nadal-ispaniany-eks-koroline-koyrau-salyp-ttkany-nazarbaevka-berdi-video/

pixel