Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев - Лукашенкоға: Димаштың жұлдызы Беларусь жерінде жанды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкомен маңызды келіссөздерден кейін жасаған мәлімдемесінде Димаш Құдайбергеннің жұлдызы Беларусь жерінде жанғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Қазақстан президенті беларусьтік әртістерді Қазақстанда өнер көрсетуге шақырды. Оның сөзінше, қазақ халқы Баларусь мәдениетін қатты сағынған.

"Біз келесі жылы беларусьтік мәдениеттің теңдесіз өнерпаздары Қазақстанға келіп, қазақ қоғамның алдында өнер көрсетеді деп келістік.
Қазақстан халқы беларусьтік мәдениетті сағынды. Міндетті түрде ашлаг болады. Одан кейінгі жылы біздің әртістер Минскке және Беларусьтің басқа да қалаларына бара алатын еді"-, деді Тоқаев.

Сонымен қатар, президент Беларусьтегі Димаштың табысын айта кетті.

"Қазақстан өкілдері Беллорусиядағы музыкалық конкурстарға, театр және кинофестивальдерге белсенді түрде қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Біздің талантты орындаушымыз Димаш Құдайбергеннің жұлдызы дәл Беларусь жерінде жанды. 2015 жылы "Славянский базар" байқауында жеңіске жетуі оның әлемді мойындатуының бастамасы болды",- деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824124-tokaev-lukasenkoga-dimasty-zldyzy-belarus-zerinde-zandy/

pixel