Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

14 жасында жүкті болып, босанған арудың тағдыры елді жылатты (видео)

Опубликовано:

НТК телеарнасындағы "Қалаулым сен" бағдарламасына 18 жастағы үміткер келді. Бойжеткен ел алдында 15 жасында босанып алғанын, бір баланың анасы екенін жасырмай айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

14 жасында жүкті болып, босанған арудың тағдыры елді жылатты (видео)
Видеодан алынған кадр: Twitter

Қызғалдақ есімді ару 18 жаста екенін, Алматы облысы Нарынқол ауданында туғанын жеткізді.

Бойжеткеннің сөзінше, ол анасынан ерте айырылған. Сол уақытта Қызғалдақ небәрі үшінші сынып оқушысы болыпты.

Қазіргі уақытта үміткер балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейді.

Ол колледжді аяқтаған соң, осы қызметке келген.

Қызғалдақ 9 сыныпта тағдырдың тәлкегіне түскенін жасырмады.

Бойжеткеннің сөзінше, 14 жасында 32 жастағы азамат алып қашқан.

Ол келін болуға келісімін бермей, қарсылық білдірген. Алайда ер адам өз дегеніне жетіп, мектеп оқушысын зорлаған.

Келесі күні әкесі келіп, қызын 32 жастағы жігіттің үйінен алып кетіпті.

Қызғалдақ ол ер адаммен мүлде араласпағанын, тіпті танымайтынын алға тартты..

Оның сөзінше, осы оқиға байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Алайда, үміткер белгілі бір себептерге байланысты күдікті жазаланбағанын да жеткізді

Қызғалдақ баланы алдыру үшін Алматы қаласына арнайы келгенін растады. Алайда оның әкесі қызының бұндай қадамға баруға дол бермеген.

Соның нәтижесінде, бойжкеткен 15 жасында ана атанды.

Қазіргі уақытта Қызғалдақ әкесі мен бауырларынан бөлек Алматы қаласында пәтер жалдап тұратынын, баласын өзі бағып-қағып жатқанын алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824836-14-zasynda-zkti-bolyp-bosangan-arudy-tagdyry-eldi-zylatty-video/

pixel