Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Адамдардың көзіне тік қарағым келеді": Шенеуніктің баласы Аружан Саинға сырын ақтарды

Опубликовано:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа мәжілісінде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин әкесінің әрекеті үшін ұялған баланың қайырымдылыққа қалай бет бұрғанын айтып берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Аружан Саин. Фото: facebook.com/aruzhan.sain
Аружан Саин. Фото: facebook.com/aruzhan.sain: UGC
"Қайрымдылық саласында көп адаммен кездесіп тұрамын. Біреулер көмек сұрайды, енді біреулер, керісінше, көмек жасағысы келеді. Осыдан үш жылдай бұрын бізге бір жас жігіт келген. Өзі Еуропада оқыған, жағдайы бар. Сөйтіп, жолдастарымен бірге оқуды бітіріп, қайырымдылықпен айналысуға шешім қабылдаған", – дейді Саин.

Олар шетелде оқығанда еріктілердің құрамында болғанын, жалпы, ол жақта қайрымдылық мәдениетінің қаншалықты дамығанын көргенін жеткізеді. Соны өз елдерінде жалғастыруға ниеттеніпті.

Қайырымдылықпен айналысуға бет бұрған жігіт омбудсменге әкесінің орташа деңгейдегі шенеунік екенін айтып берген.

"Мен әкемнің жалақысымен оқуымды төлей алмайтынын білемін. Иә, ол мен үшін ең жақын адам, бәрін менің болашағым үшін жасады. Бірақ жаман нәрсе жасады. Қызмет бабын пайдалану мен жемқорлық жасау дұрыс емес. Сол үшін ұяламын. Халықтың алдында адал, адамдардың көзіне тік қарағым келеді" деді.
Негізі, біздің балаларымыз көп нәрсені түсінеді, іштей сезеді. Сондықтан бір нәрсені жасағанда олардың болашағын да ойлау керек", – деп түйіндеді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825103-adamdardy-kzine-tik-karagym-keledi-seneunikti-balasy-aruzan-sainga-syryn-aktardy/

pixel