Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында жоғалып кеткен 17 жасар оқушы қызды іздеп жатыр

Опубликовано:

Жамбыл облысының құқық қорғау органдарының қызметкерлері 31 қазанда із-түссіз жоғалған 11 сынып оқушысы Асылжан Доқтырбайды іздеп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Жамбыл облысы ПД
Фото: Жамбыл облысы ПД: UGC

Полиция берген деректерге сәйкес, жоғалардан екі күн бұрын ол 17 жасын тойлаған.

Асылжан Доқтырбай үйден 31 қазанда, сағат күндізгі 12 шамасында шығып кеткен.

Осыдан соң 11 сынып оқушысын ешкім көрмеген, үйіне әлі оралмапты.

Жамбыл облысындағы ведомствоның баспасөз қызметі жоғалған қыздың бойы 150-155 сантиметр екенін айтты.

  • Асылжан орта денелі, ұзын қоңыр шашты және қой көзді қыз.
Полицияның айтуынша, із-түзсіз кеткен 17 жастағы оқушы ақ жейде мен ақ кроссовка киген. Сондай-ақ, қара шалбары мен қара сөмкесі болыпты.

Одан бөлек 11 сынып оқушысының астыңғы ернінде меңі бар.

Полиция оқушы қыз туралы қандай да бір ақпарат білетіндердің бәрін мына нөмірлерге хабарласуларын сұрайды: 8 (7262) 34-36-35, 99-75-05 немесе 102.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825280-zambyl-oblysynda-zogalyp-ketken-17-zasar-okusy-kyzdy-izdep-zatyr/

pixel