Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сауль Альварес Ковалевті нокаутқа түсірді (фото, видео)

Опубликовано:

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында мексикалық Сауль Альварес (52-1-2, 35 КО) пен ресейлік Сергей Ковалев (34-3-1, 29 КО) арасында WBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек аяқталды. Кездесу мексикалықтың пайдасына шешілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Боксшылар арасындағы ел асыға күткен кездесу MGM Grand аренасында өтті.

Жекпе-жектің 11-ші раундында Альварес бірнеше жойқын соққысын Ковалевқа дәл тигізіп, ресейлікті нокаутқа түсірді.

Осылайша, Сауль "Канело" Альварес WBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы жаңа әлем чемпионы атанды.

Мексикалық боксшы кәсіпқой мансабында 53-ші жеңісіне қол жеткізсе, ал ресейлік боксшы төртінші рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, Сауль Альварес осымен төртінші салмақ санатында әлем чемпионы атанып отыр.

Бұған дейін ол бірінші орта, орта және суперорта салмақ санаттарында чемпион болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825379-saul-alvares-kovalevti-nokautka-tsirdi-foto-video/

pixel