jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Тәуекел Мүсілім үйленді ме: Желіде актер мен жас қыздың суреті тарады

    : Twitter

    Әлеуметтік желіде талай қыздың жүрегін жаулаған Тәуекел Мүсілімнің белгісіз арумен түскен суреті тарады. Бір қызығы, бұл жолы актердің қолында діни неке куәлігі бар деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Желіде пайда болған суреттерден актер мен орамал таққан арудың жанында тағы бір азамат тұр. Ал Тәуекелдің қолында діни неке куәлігі бар.

    Фотоның қашан және қайда түсірілгені белгісіз, алайда желі қолданушылары актер мен бойжеткен мұсылманша некелерін қидырды деп болжауда.

    Айта кетерлігі, бұл суретке қатысты Тәуекел Мүсілімнің өзі әзірге ресми жауап берген жоқ.

    Сымбатымен қыздардың назарына ілігіп жүрген отандық жұлдызға көпшілік бақыт тілеп үлгерді.

    "Бақытты болыңдар", "Екеуі жараспайды", "Қыз өте сүйкімді екен", "Бұл кім?" , "Үйленсін, бақытты болсын", "Кино емес пе", "Куәгер болып барған шығар", "Өзі біледі", "Қарындасы шығар", "Жасы келді ғой, үйленсін" деп жазды олар.
    Тәуекел Мүсілім үйленді ме: Желіде актер мен жас қыздың суреті тарады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.