Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтынға инвестиция салған дұрыс па?

Опубликовано:

Альпаридің Алматыдағы ресми серіктесінің директоры Төлеген Оразалиев алтынға қаржы құю және оның жолдары туралы.

Алтынға қаржы құйған дұрыс па?

Бүгінгі күні экономикалық тұрақсыздық жағдайында көптеген адамдар өз қаражатын нақты материалдық құндылыққа аударады. Бұл құндылыққа қымбат металдар, оның ішінде-алтынды жатқызуға болады. Аталған металды алу қаражатты сақтауға және көбейтуге қалай әсер етеді? Бұл жайында Альпаридің (сілтеме) Алматыдағы ресми серіктесінің директоры Төлеген Оразалиевтен сұрап көрдік.

– Төлеген, соңғы уақытта алтынға деген сұраныс артып келеді. Мұның себебі неде?

-Алтын өз құнының өсуіне байланысты өте танымал. Сұраныс артуда, бірақ оның табиғи қорлары шексіз емес. Алтынды орталық банктер, жеке корпорациялар және жеке тұлғалар тұрақтылыққа кепілдік беру үшін сатып алады. Себебі, ұлттық валюталар құнсызданып кетуі мүмкін, ал алтынмен мұндай жағдай болмайды. Тек соңғы он жылда алтын АҚШ доллары бағасында шамамен 170% - ға көтерілді. Сұранысқа саяси тұрақсыздық та әсер етеді. Бүгінде АҚШ пен Қытайдың сауда қақтығысы алтын бағасын көтереді.

Алтынға қаржы құйған дұрыс па?

-Алтынды дәл қазір алу керек пе? Неге?

- Өкінішке қарай, бүгінде инвестициялық құралдардың барлығы бар қаражатты сақтау және оны көбейту тұрғысынан сенімділік бере алмайды. Тұрақты өсіп келе жатқан инфляция мен төмен пайыздық ставкалар аясында тәуекелдерден қорғайтын жалғыз сенімді құрал-алтын. Тәуекел неғұрлым көп болса, соғұрлым инвесторлар осы қымбат металға салымдар жасайды. Ал дәл қазір тәуекелдер өте көп. Мысалы, 2016 жылы троя унциясы үшін 1 250$ беру мүмкін болса, бүгінде оның бағасы 1 496$. Ал сарапшылардың пікірінше, бір жылдан кейін бұл көрсеткіш 1 700$-ға жетуі мүмкін. Сондықтан, алтынды бүгін сатып алмаса, ертең алу қымбатырақ болады.

Алтынға қаржы құйған дұрыс па?

-Жеке инвесторлар қаражатты алтынмен қалай сақтай алады?

- Көбінесе жаңадан бастаған инвесторлар зергерлік әшекейлерге артықшылық береді. Бірақ мұнда сіз жақсы дегенде 750 сынамалы алтын сатып алатыныңызды түсіну керек. Одан бөлек, зергер жұмысына ақша төлеуіңіз қажет. Ал оның бағасы бұйым құнының жартысына дейін болуы мүмкін. Әшекей бұйымдар тек әсемдік үшін жақсы, ал инвестиция ретінде бұл жақсы нұсқа емес. Бәрінен де алтын құймалар сатып алған тиімді.

Мұндай жағдайларда сіз биржадағы котировкаларға жақын баға бойынша таза алтын сатып аласыз. Құймалар зергерлік бұйымдар сияқты 750-ден емес, 999 сынамалы қымбат металдан жасалған. Тағы бір нұсқа- Форекс нарығында алтын арқылы мәміле (сілтеме) жүргізу. Инвесторлар күрт ауытқулар мен тиімді сату болмауынан XAUUSD жұбы арқылы жұмыс істеуді қалайды. Дегенмен, бұл жағдайда дұрыс стратегия таңдау қажеттігін ұғыну керек. Ал саудада алтын арқылы қалай ақша табуды Альпари компаниясының сайтынан (сілтеме) білуге болады.

- Жеке өз басыңыз алтынға ақша құяр ма едіңіз?

- Әрине. Алтынға инвестиция салу керек. Себебі, бүл тұрақты актив және пайда болғаннан бастап оның құны тек артып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825578-altynga-investicia-salgan-drys-pa/

pixel