Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Бостандық ауданы әкімі сот алдында жауап берді

Опубликовано:

Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов әкімшілік сот алдында жауап берді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Фото: vecher.kz
Фото: vecher.kz: Twitter

Аукцион қатысушылары әкімнің мемлекеттік сатып алулар кезінде ереже бұзғанын айтқан.

Олардың Бостандық ауданындағы аулаларда жүргізілген жөндеу жұмыстары бойынша байқаудың нәтижесіне көңілі толмай отыр.

Қатысушылардың сөзінше, аукционда жеңіске жеткен компанияның бұл салада аса тәжірибесі жоқ.

Осылайша, аукцион қатысушылары Мемлекеттік активтер басқармасына шағым түсірген.

"Биыл мемлекеттік сатып алулар туралы заңға өзгерістер енгізілді. Біз барлығын дұрыс жасадық деп санаймын", - деді Рахымбетов сот отырысында.

Қазіргі уақытта сот тыңдауы жалғасып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825602-almatyda-bostandyk-audany-kimi-sot-aldynda-zauap-berdi/

pixel