Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыста отбасы мүшелерін скотчтап, дүние-мүлікті тонап кеткен күдікті ұсталды

Опубликовано:

Арыста түн жарымда бір отбасы мүшелерінің қолдары мен ауыздарын скотчпен матап, тонап кеткен күдікті қолға түсті деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Арыста отбасы мүшелерін скотчтап, дүние-мүлікті тонап кеткен күдікті ұсталды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Төрт жігіттен құралған қылмыстық топ үй иелерін шолақ мылтықпен қорқытып, бағалы киімдері мен алтын бұйымдарын алып кеткен. Жеті түнде қарақшылық жасағандар бірден ізін суытыпты.

Оқиға 2018 жылдың қаңтар айында болған.

Іздестіруді үзбеген полицейлер бір жарым жылдан кейін күдіктілердің біреуін қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны боп шықты.

1995 жылы туған азаматтың екі жолдас жігіті және бір танысын ертіп, Арыстағы Монтайтас ауылындағы үйлердің біріне түнгі сағат үштер шамасында қарақшылық жасағаны анықталды.

Бетпердемен тұмшаланған төртеу үй иелерін ұрып-соғып, мылтықпен қорқытқан. Үйдегі төрт ересек пен үш баланың ауызын скотчпен жауып, қолдарын байлап тастаған.

Зергерлік бұйымдар мен киімдерін алып кеткен тонаушылар үй иелеріне 5 млн 414 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

Қолға түскен күдікті кінәсін мойындап, жауап берген. Арыс аудандық сотының тергеу судьясының санкциясымен күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825784-arysta-otbasy-mselerin-skotctap-dnie-mlikti-tonap-ketken-kdikti-staldy/

pixel