Қазақстандықтар енді жеке куәліксіз жүре алады
Опубликовано:
Енді қазақстандықтар өзімен бірге жеке куәлік алмай жүре алады. Себебі, құжатты ұялы телефонда электронды түрде сақтауға мүмкіндік бар. Электронды үкімет телефонға арналған eGov mobile қосымшасын ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
![Фото: Sputnik / Владислав Воднев Фото: Sputnik / Владислав Воднев](https://cdn.nur.kz/images/1120/d87cf4672b650116.jpeg)
Аталған жаңалық "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның ресми Facebook парақшасында пайда болды.
Енді қажет болған жағдайда құжатты QR-код арқылы телефоннан көрсетуге болады.
Құжаттың электронды нұсқасын электронды үкімет жүйесіне тіркелген азаматтар қосымшадағы тіркеуден өту арқылы пайдалана алады.
Қосымшасына Play Market пен App Store-дан жазып алуға болады.
Айта кетейік, 1 қарашада мекенжай анықтамаса электронды форматқа көшті. Яғни, қазақстандықтар құжатты ХҚКО-дан алмайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825800-kazakstandyktar-endi-zeke-kuliksiz-zre-alady/