Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында екі рет сотталған 46 жастағы әйел сүйіктісін атып өлтірді

Опубликовано:

Алматы облысында бұрын екі рет сотты болған әйел адам өлтірді деген күдікпен тағы да ұсталды. 46 жастағы азаматша өзінің көңілдесін атып өлтірді деген айыппен тергелуде деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ааааа
Көрнекі фото: sputniknews.kz: Instagram

Полиция 5 қарашаға қараған түні Қаратал ауданындағы шаруа қожалықтардың бірінен 38 жастағы ер адамның мәйітін тапқан.

Марқұм Үштөбе қаласының тұрғыны екені анықталды. Ол қожалықта әртүрлі жұмыс істеген.

Адам өліміне байланысты қылмыстық іс қозғаған тәртіп сақшылары күдікті ретінде әйел адамды ұстады.

«Қожалықта әйел адамның да жұмыс істегені белгілі болды. Ол марқұм болған ер адаммен үш жылдан бері бірге тұрып келген. Оқиға орнынан қашып кеткен азаматша Үштөбе қаласында ұсталды.
1973 жылғы күдікті бұған дейін де адам өлтіріп, есірткі сақтағаны үшін сотталған. Қазір ол қамауға алынды», - деді Қаратал аудандық полиция бөлімінің басшысы Рауан Абдраимов.

Күдіктінің сөзінше, ол сүйіктісімен жанжалдасып қалған соң аңшы мылтығымен оны атып тастапты.

Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825837-almaty-oblysynda-eki-ret-sottalgan-46-zastagy-jel-sjiktisin-atyp-ltirdi/

pixel