"Обал ғой": Отандық журналист тойханаға жылқы кіргізгендерді сынға алды (видео)
Опубликовано:
Қазақстандық тележурналист Жарас Ниязбек тойханаға жылқы кіргізген жұртты сынның астына алды. Ол кей қазақтың "дарақылығына" ренжулі деп жазады KAZ.NUR.KZ.
![Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Видеодан кадр: Instagram Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Видеодан кадр: Instagram](https://cdn.nur.kz/images/1120/947a11735c65dc52.jpeg)
Тілші видеоны өз Instagram парақшасына жүктеді.
"Әй, дарақылық-ай! Қайтер екен? Жылқыға обал ғой. Не енді мынау?",- деп жазды ол.
Ал видеодан тойхана ішінде жүрген төрт түліктің бірі қайта-қайта құлап жатқанын аңғаруға болады. Журналистің өзі жылқының 100 рет жүлде алғанын пікірге жазып қалдырған.
Бейнежазбаны көрген көпшілік тек теріс пікірлер жазып қалдырған.
"Аяғы сырғанап жатыр ғой", "Байғұс жылқы-ай", "Жылқыны солай қинаған обал", "Әйтеуір біздің қазақ мақтанудан, ысырапшылдықтан жалықпас", "Қайтеміз енді, обал-ақ" деп жазды олар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825838-obal-goj-otandyk-zurnalist-tojhanaga-zylky-kirgizgenderdi-synga-aldy-video/