"Сенімсіздігі күшейеді": Отандық журналист қазақтарды ет жемеуге шақырды
Жарияланған күні:
"Ет қадірін – ашыққан біледі, жол қадірін – тарыққан біледі" дейтін қазақ ет жеуден ешқашан бас тартпаған. Бүгінгі күннің өзінде халқымыздың дастарханын бұл өнімсіз елестету мүмкін емес. Дегенмен, отандық тележурналист Қайырбек Жәйлібекұлының пікірі басқа. Ол төрт түлік малдың етін жейтін адамдардың ерік-жігері езілетініне сенімді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Журналистің пікірінше, ет жегендердің сенімсіздігі күшейіп, әуселесі әлсірейді. Олар, тіпті, болашаққа үреймен қарай бастайды.
"Кәдімгі қой, сиыр еттерін айтам, қазы-қарта, жал-жая бар ғой?! Жұмыр басты пенденің бойында өз-өзіне сенбеушілік, келешегінен қорқу, бүгініне үркумен қарау сынды көзқарастары етті тұтынудың кесірінен пайда болады.
Бір сөзбен түйгенде, адамның дамуына, жетілуіне, қоғамда өз орнын айшықтауда айтарлықтай кедергі келтіретін маңызды факторлардың бірі көрінеді",- дейді ол өз Instagram парақшасында.
Ал мұның басты себебін тележүргізуші малды сойған кезде төртаяқтылардың бойында туындайтын қорқыныш сезімімен түсіндіреді.
"Енді олар да сезеді, не десек те тірі жандар ғой. Сөйтіп, оның үркіген денесінен үзіп алынған еттері жиырылып, тартылып, түрлі керек емес витаминдерге толып қалатын көрінеді.
Яғни өнімде малдың секемі яки ондағы теріс ағзалар сақталады. Сол үркудің ұшқынына толы бактериялар тұтынған азаматтың бойына сіңіп кетеді-міс. Мұны ғалымдар дәлелдепті де.
Сондықтан білгіштер тауық етін жеуге кеңес береді. "Соқыр тауыққа – бәрі бидай" дейді. Ақылы аздау адамға "тауықтың миындай миы жоқ" деп жатады. Яғни олар түк те сезіп үлгермейді. Демі үзілді, келмеске кетті де қояды. Міне, солай. Ет жемеңдерші",- деп түйіндеді ол жазбасын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825843-senimsizdigi-ksejedi-otandyk-zurnalist-kazaktarga-et-zemeuge-kees-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.