Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жақындасып үлгердік": Отбасылы адамның көңілдесі болған ару бар сырын айтты

Жарияланған күні:

Отбасылы адаммен көңіл жарастырған ару оның бала-шағасы барын кеш білгенін алға тартты. Сөзінше, ол кезде бойжеткен сүйіктісінен жүкті болып үлгерген. Алайда ер адамның бұл хабарға қуана қоймайтынын біліп, түсік жасатыпты. Өткен өміріндегі қателіктер үшін өкінген ару желіде жан сырын ақтарды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бойжеткен Instagram-дағы zhenskaya_blogika парақшасына хат жолдады.

Жазуынша, ол сүйген жігітінің отбасылы адам екенін білген кезде қарым-қатынасты үзудің орнына одан жүкті болып қалған.

"Бір жігітпен танысып, кездесе бастадым. Қыз-жігіт болып жүргенімізге біраз уақыт болған кезде оның отбасылы адам екенін білдім. Оның үстіне екі баласы бар екен.

Не де болса кешірдім, күнде кездесіп, көпшілік арасында жасырынбай жүрдік. Өкінішке қарай, ол уақытта төсекте жақындасып үлгердік.

Екі ай үзілістен кейін мен өзімнің жүкті екенімді білдім", - дейді кейіпкер.

Сүйіктісінің мұндай жаңалыққа риза болмайтынын ойлаған ару түсік тастауға мәжбүр болған.

Күйзеліске түскен ол ер адаммен қарым-қатынасын үзген, алайда отбасылы азамат бойжеткеннің қыр соңынан қалмай жүр екен.

"Оның бұған қуана қоймайтынын сезген соң, жаңалығыммен бөлісуге қорықтым. Түсік тастауыма тура келді. Күйзеліске түстім. Оның әйелі барлығын біліп, жанжал шығарды.

Ол мені күйеуімен ақша үшін жүр деп ойлаған екен. Бірақ менің ата-анамның да, менің де жағдайым жақсы.

Содан кейін араласпай кеткен едік. Енді қайта хабарласып жүр. Өмірімнің тас талқанын шығарып, неге бұлай істеп жүргенін білмеймін", - деп ағынан жарылды ару.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825902-zakyndasyp-lgerdik-otbasyly-adamny-kildesi-bolgan-aru-bar-syryn-ajtty/