Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жол ережелерін бұзғаны үшін салынатын айыппұл бірнеше есеге өспек

Опубликовано:

Қазақстанда жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұл өседі. Бұл шешім Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу туралы заң жобасының екінші оқылымында қабылданды. Құжатты мәжіліс депутаттары мақұлдаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Мәжіліс депутаты Қанат Мусиннің айтуынша, заң жобасына айыппұлдардың мөлшерін азайтуға, қолданыстағы әкімшілік айыппұлдарды азырақ репрессивті жазаларға ауыстыруға, сондай-ақ ескерту түріндегі ең ауыр әкімшілік жазаны қолдануды кеңейтуге қатысты түзетулер енгізілетіндігін атап өтті.

"Жүргізуші құқығынан айырылған адамға көлік құралын жүргізгені үшін 50 АЕК-ке айыппұл салынады. Қазір мұндай айыппұл 10 АЕК-ті құрап отыр. Сондай-ақ осындай тәртіп бұзушылықты қайталап жасағаны үшін айыппұл 20-дан 70 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Бұл түзету қазақстандықтардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған", - деп түсіндірді мәжілісмен.

Сонымен қатар, кәсіпорындардың қызметі немесе қызмет түріне арналған лицензияны сотқа жүгінбей-ақ тікелей уәкілетті мемлекеттік орган тоқтата тұра алатын 37 құқық бұзушылық анықталды.

Одан бөлек депутаттар кәсіпкерлер мүддесін сақтандыру механизмін қарастырды. Мысалы, тексерушілердің әрекетіне күмән болған жағдайда істі мемлекеттік орган емес, сот қарасын деп талап қоюға болады. Сол кезде материалдар сотқа өткізіледі.

"Жұмыс тобы бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланғаны үшін бірінші басшыларды жауапқа тарту мәселесін пысықтады. Бюджет қаржысын заңсыз пайдаланғаны үшін кінәлілерге оқиға салдарынан келген шығын үшін айыппұл салынады.
Депутаттардың ұсынысы бойынша болашақ заңнаманы өзгертуге және оны қолданудың ыңғайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған өзгертулер мен толықтырулар тек қана Әкімшілік кодексті қозғайтын арнайы заңдармен ғана жүзеге асырылатыны туралы норма қабылданды", - деді парламент.

Сонымен бірге, оңалту және банкроттық, туризм, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық қызмет, төлемдер және төлем жүйелері, жарнама туралы заң жобасында талаптардың бұзылуына қатысты бірқатар нормалар және ұқсас нормалардың заңмен қабылдануына немесе тиісті заң жобаларында қаралуына байланысты заң жобасынан шығарылды.

Құжат парламент сенатына қарауға жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825920-kazakstanda-zol-erezelerin-bzgany-sin-salynatyn-ajyppl-birnese-esege-spek/

pixel